Жалпы ақпарат

Облысымызда әлеуметтік-экономикалық және экологиялық факторларға байланысты кемтар балалардың дүниеге көп келуі себепті Атырау облыстық балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығы облыс әкімінің 31 қаңтар 2000 жылғы №338  және 22 ақпан 2000 жылғы №353 шешімінің негізінде мүмкіндігі шектеулі балаларға жан-жақты көмек беру үшін ашылды. Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, оқу жоспарына сәйкес түзете-білім беру қызметтерін тегін көрсетеді.

Орталықтың мақсаты: білім беру, сауықтыру және түзету бағдарламаларын қамти отырып, баланың дамуын, өмірге бейімделуін қамтамасыз ету.

Міндеттері:

  • Баланың психикалық даму ерекшеліктерін есепке ала отырып кешенді емдеу, түзету және әлеуметтік бейімдеу, тәрбиелеу мен оқыту үшін жағдайлармен қамтамасыз ету;
  • Мүмкіндігі шектеулі балаларға жеке кешенді түзете қолдау көрсету;
  • Баланың психикалық және дене дамуын түзету;
  • Мектеп алды даярлықтың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.

 

Орталықтың негізгі бағыттары:

  • психологиялық-педагогикалық түзету;
  • медициналық оңалту;

 

Медициналық реабилитация түрлері:

  • ем-дәрілік терапия
  • физиоемдеу
  • гидроемдеу(сумен)
  • емдік дене шынықтыру
  • массаж (сылау)
  • стоматологиялық көмек

 

Оқу – тәрбие ісінде Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі №343-ІІ «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы мен ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығына 8 – қосымша”Оңалту орталығы қызметінің үлгілік қағидалары”  басшылыққа алынды.

Орталыққа облыстық және қалалық медико-педагогикалық комиссия жолдамасымен мектепке дейінгі арнайы мекемелер және арнайы мектептерге баратын, үйде оқитын балалардан басқа туылғаннан 18 жасқа дейінгі ақыл-ой мен дене дамуында бұзылыстары бар балалар және жасөспірімдер кешенді түрде қабылданады.

Орталықта сабақ кестесіне сай логопед, педагог-дефектолог, педагог-психолог, музыкалық ритмика, компьютер мамандарының сабақтары жоспарлы өтеді. Әр баланың диагнозы мен қабілетіне қарай жеке даму бағдарламасы құрылған. Оқу-тәрбие үдерісінде ойын, ертеңгіліктер, арттерапия түрлері (холдинг-терапия, изотерапия, ертегі-терапия, музыкатерапия) балалардың жас және даму ерекшеліктерін ескере отырып жеке, шағын топпен, жалпы тұтастай топпен өткізіледі.

 

Орталық тамаша түзете-дамыту құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген:

  1. SNOSILEN атты сенсорлық бөлме – барлық түрдегі сезім мен қабылдау, психоэмоционалды және бұлшықет релаксациясы мен т.б. қасиеттерді дамыту мақсатындағы түс пен жарық әсерлері бар дәстүрлі емес ортасы қалыптасқан бөлме.
  2. ROMPA атты жұмсақ бөлме – түрлі-түсті шариктері бар құрғақ бассейн, баспалдақтары, төбешіктері, түрлі формадағы емдік доптар мен жалпы қимыл белсенділігі және тактилді сезімталдықты дамытатын басқа да құрал-жабдықтар.
  3. Негізгі қимыл дағдыларын қалыптастырып, дамытатын құралдар: арнайы жүріс арбасы, орындықтар, мобильді стендерлер, велосипедтер, вестибулярлы тақтайлар.
  4. SOUND BEAM жүйесі – денесін меңгеруге ынталандыру, кеңестікте қимыл-қозғалысқа сенімділік тудырту, қимылдардың диапазонын кеңейту, себеп-салдар байланысын зерттеу, есту, зейін салу, шоғырлану қасиеттерін ынталандыру, әуенді ойлап шығару және музыкалық импровизация әлемін өзі үшін ашу, қарым-қатынас дағдыларын жақсарту, қимыл-әрекет және дыбыстың көмегімен қиялдау қасиетін дамыту, көздеген мақсатқа жету сезімін алу және қарапайым ғана әуестіктерге қол жетуге ықпалдасатын интербелсенді құрал.
  5. Мария Монтессори бөлмесі – Мария Монтессори атты итальяндық педагог ХIХ ғасырдың ортасында ойлап тапқан ғажайып әдістер және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген бөлме. Аталмыш педагогикалық жүйенің негізгі айырмашылығы ретінде оқыту үдерісі барысында бала сабақтардың сипаты мен уақытын белгілей отыра бүкіл дидактикалық материалды өздігінен таңдап алатындығын атап өту қажет. Монтессори әдісі бойынша оқыту өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын дамытуға көмектесіп, бала қолдарының ұсақ моторикасын дамытуға оң әсерін тигізіп, қимылдардың үйлесімділігін жақсартып, біртіндеп баланың бойында қисынды түрде ойланып, түр-түсті дұрыс қабылдауға ықпалдасады. Үнемі жасалған жаттығулар сәбидің есту, көру, әлемді сезіну арқылы қабылдау және иіс сезу қасиеттеріне оң нәтиже береді. Монтессори әдісі алғашқы математикалық түсініктер, геометриялық формалар туралы түсініктердің дамуына ықпалдасып, белсенді және енжар сөздік қорды байытып, баланың қолын жазу әрекетіне дайындайды.

 

Орталықтың материалдық-техникалық базасы жақсы деңгейде. Орталыққа келген балалардың дамуын жетілдіру, ұсақ қол моторикасын дағдыландыру, сөйлеу тілін дамыту, өзара қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында Монтессори кабинеті, балалардың тұрмыстық жағдайға бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік өмірге бейімдеу бөлмесі, барлық оқу және топ бөлмелері, лекотека, компьютер сыныбы  қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. Тіл кемістігі бар балалардың ауызша және жазбаша сөздік қорын арнайы бағдарлама арқылы түзетуге арналған «Дэльфа-142.1» логопедиялық тренажеры, түрлі ойындарды қолдана отырып балалардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын арттыруға арналған “Эдуплей”,”Эдукэй”, мультимедиалық тренажерлары, ЭдуКвест”арнайы қондырғысы”Тіл дамыту”сабақ үрдісінде пайдаланылады.  Сенсорлық бөлмеде «Снузелен», логопед жұмысында В.Фроловтың «Тыныс алу тренажер» құралдары қолданылуда.

Компьютер сыныбында интернет желісі іске қосылған, барлық керекті ақпараттар желі арқылы алынады. Кітапхана қорында көркем әдебиеттер, компьютерлік ойындар мен қосымша оқу құралдары, әдістемелік және дидактикалық оқулықтар жинақталған.

Медицина бөлімі бойынша балалардың сауықтыру шараларын жүзеге асыруда дәрі-дәрмектік, сәулемен емдеу (физиобөлме), парафинмен емдеу, массаж, гидромассаж, емдік дене шынықтыру (ЛФК), егу, стоматологиялық қызмет түрлері жүзеге асып, «Нейрон-Спектр» компьютерлік жиынтығы мидың электроэнцефалограммасын (ЭЭГ), электромиограммасын (ЭМГ), ұзын, орташа және латентті потенциалдарын тіркеуге арналған құрал жұмыс жасайды.