Бірінші басшы

Жумалиева Бибігүл Сапарғалиқызы 1965 жылы 1 наурыз күні Гурьев облысы  Махамбет ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келді. 1972 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1982 жылы облыстық білім беру басқармасының жолдамасымен Алматы қаласы Абай атындағы педагогикалық институтіне оқуға түсіп, оны 1987 жылы дефектолог-логопед мамандығымен бітіріп шықты. 1987 жылы Махамбет селосындағы облыстық  ақыл-ойы кем балаларға арналған мектеп-интернатына логопед  болып орналасып, алғашқы еңбек жолын бастады. 1990 жылы Гурьев қаласында орналасқан облыстық тілінің кемістігі бар балаларға арналған №3 мектеп-интернатында логопед  болып қызмет атқарды және 1991 жылы директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалып, 13 жыл қызмет етті. 2000 жылы облыстық балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығының дефектолог-логопед, кейіннен коррекциялық бөлім басшысы қызметін атқарды. 2008 жылы қалалық №20 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балабақшада аға логопед болып жұмыс істеді. 2011 жылы облыстық білім беру басқармасы әдістемелік кабинетіне ауысып, 2013 облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесте әдіскер болып қызмет атқарды. 2017 ж. сәуір айынан бастап қазіргі уақытта облыстық балалар оңалту орталығының директоры болып жұмыс істеп келеді.