«Көңілді старт!»

Спорттың адам өмірінде алатын орны үлкен. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата – бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” – деп бекер айтпаған.  2019 жылғы 2 қыркүйектегі  Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауындағы «Отбасы және бала институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру.»  тапсырмасында: Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз. Яғни ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолжетімді спортпен шұғылдану аса маңызды екенін айтты. Ағымдағы жылдың ақпан айының 6 күні Облыстық балалар оңалту орталығында салауатты өмір салтын насихаттау барысында тәрбиеші мамандардың ұйымдастыруымен «Көңілді старт!» тақырыбында спорттық шара өтті. Мақсаты: балаларға салауатты өмір сүру ұғымын түсіндіру,  ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Және жылдамдыққа, шапшандыққа үйрету, қимыл-қозғалыстарын дамыту.  Шара аясында балалардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі сайыстар, яғни «Кедергілерден өту», «Қапшықпен секіру», «Шеңбердің ортасымен жүру», «Бағдар», «Алтын қасық», «Арқан тарту» секілді ойындар болды.  Шара соңында  әділқазылардың шешімімен қатысқан командалар жүлделі І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.