«Үй жағдайында орындалатын коррекциялық жаттығулар»

Облыстық балалар оңалту орталығында «Үй жағдайында орындалатын коррекциялық жаттығулар» тақырыбында ұйымдастырылған Ашық есік күні өтті. Шараны орталық мамандары педагог-логопедтер (А.Рысбаева, А.Хасенқызы, А.Утепқалиева)  ата-аналардың қатыстыруымен ұйымдастырды. Шараның мақсаты – сөйлеу тілінің кемістіктері түрлері, оны болдырмау жолдарын, түзетудің тәсілдері жөнінде ата-аналарды сауаттандыру. Үй жағдайында орындалатын логопедиялық тапсырмалар мен жаттығуларды түсіндіру, ата-аналарға көмек көрсету, пікір алмасу. Мамандар коррекциялық жаттығуларды күнде өткізудің маңызын жете түсіндірді. Ата-аналарда өз тараптарынан пікірлерін білдіріп, мазалаған сұрақтарына жауап алды. Ата-аналар орталық мамандарынының балалармен жүргізілген жұмыстарының оң нәтижелеріне  алғыстарын білдірді.                Бүлдіршіндер мен ата-аналар «Мақта қыз бен мысық» ертегісін қойылым арқылы сахналады. Қойылымда балалар логопедиялық тапсырмалар мен жаттығуларды орындап, ертегінің мағынасын түсіне білді.