«Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды түзете-дамыту барысында педагогикалық қолдау модулін қалыптастыру!» Педагогикалық оқу

Ағымдағы жылдың 20 ақпан  күні КМҚК «Балалар оңалту орталығында» білімнің жаңартылған мазмұны жағдайында ғылым мен практикалық байланыс арқылы өзара тәжірибе  алмасу, әдістеменің тиімділігіне тұжырымдамалық ақпарат құру мақсатында орталықішілік педагогикалық оқу өткізілді.

Педагогикалық оқуды директорың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жанаргүл Мұратқызы ашып, қатысушы мамандардың тақырыптарымен таныстырды:

  1. “Аутикалық спектрі бұзылған балаларды ойын арқылы қарым-қатынасқа түсіру” тақырыбында Д.Мержанова;
  2. “Ертегі арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту” тақырыбында Н.Сұлтанахметова;
  3. “Даун синдромы бар балалардың өз-өзіне қызмет көрсетуін дағдыландыру” тақырыбында Э.Демешова;
  4. “Психикалық дамуы тежелген балаларды дидактикалық ойын арқылы тілін дамыту” тақырыбында Г.Мухатова;
  5. “Байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға арналған ойындарды, аутикалық спектрі бар балаларға қолдану тәсілдері”тақырыбныда А.Рысбаева;

Педагогикалық оқуға қатысқан әр маман осы тақырыптар бойынша баяндама дайындап, практика жүзінде орындаған жұмыстарын фото мен видео арқылы көрсетіп,  осындай ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасауда алға қойған мақсаттарымен бөлісіп, бір-бірімен тәжірибе алмасты. Шара соңында орталығымыздың директоры Бибігүл Сапарғалиқызы қорытындылап, әдістемелік тәжірибелерімен бөліскендері үшін қатысушыларға ризашылығын білдірді. Сонымен қатар білімі мен біліктілігін жоғары деңгейде көрсете білген  мамандар жүлделі орындарды иеленіп, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.