«Кинестетикс – наука восприятии движения»

Бүгін облыстық балалар оңалту орталығында медицина бөлімінің мамандарының ұйымдастыруымен «Кинестетикс – наука восприятии движения» тақырыбында ата-аналардың қатысуымен семинар өткізілді. Кинестетика – бұл адамның қозғалыс қабілетін түсіну, зерделеу жанадан өндіру, дұрыс орындау, қозғалыс мүмкіндіктерін түсіну ғылымы. Орталық мамандары Kinaesthetics әдісін өзіміздің күнделікті сал ауруға шалдыққан балаларды оңалту жұмысында белсенді қолданатынын және соның арқасында қозғалыстары бұзылған балалардың оңалту нәтижелері жақсарғандығын айтып өтті. Шара кезінде емдік дене шынықтыру маманы Р.Ажгалиева ата-аналарға адам инсульт ұстаған кезде, оны емдеу кезінде пайдаланылатын көптеген қимыл-қозғалыстарды іс-жүзінде көрсетті. Ата-аналар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, балаларға қатысты пайдалы ақпараттар айтылды.