Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ана өмірдің шуағы» атты мерекелік іс-шара!

8 наурыз – әлемді жанымен, әнімен тербететін ұлы тұлға – аналар мерекесі. Оның жанарынан баласына деген махаббат, мейірім шуағы төгіліп, жүзіне күлкі үйіріліп, жүрегінде сезім гүлі бүр жарады. Осы аналар мерекесі қарсаңында облыстық балалар оңалту орталығында «Ана өмірдің шуағы» атты іс-шара өткізілді. Тәрбиелік шарада орталық тәрбиешілері топ тәрбиеленушілері мен бірге аналар қауымын құттықтап, әсем әнмен, би билеп, хормен ән айтып мерекелік көңіл-күй сыйлады. Атап айтқанда хордың орындауында «Ақ мамам», «Анашым» әндері шырқалып, ұлдар «Джентельмен»  биін орындады. Шара аясында  орталық директоры Бибігүл Сапарғалиқызы сөз алып, аналарға ізгі тілегін жеткізді.  Осылайша ұйымдастырылған мерекелік іс-шара көпшіліктің көңілінен шығып, ұстаздар қауымы алғысқа бөленді.