«Бір шаңырақ астында!»

1  мамыр – тілі басқа болғанымен тілегі бір, жүзі басқа болғанымен жүрегі бір барлық халық үшін ерекше мереке. Айтулы мерекенің мақсаты – ел ішіндегі түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне деген сый құрметін арттырып, татулықты, бірлікті насихаттау. Осы мерекені атап өту «Балаларды оңалту орталығында» жыл сайын дәстүрге айналған.

Мереке күні қарсаңында орталықта «Бір шаңырақ астында!» атты тәрбиелік шара өтікзілді. Шараны ұйымдастырушылар: Г.Қайрекен, Р.Бухарова, Н.Сұлтанахметова және музыка мамандары. Шара барысында балаларға слайд арқылы Қазақстандағы 130-дан астам ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқандығы, әр ұлттың салт-дәстүрлері, мәдениеті жайлы әңгіме жүргізіліп, таныстырылды. Тәрбиешілер М.Битемирова, В.Кинжиболатова мереке барысында балаларға әр түрлі халықтардың тағамдарымен таныстырып, әр ұлттың ойындарын ойнатты. Шара барысында балалар қазақ, украин, грузин халықтарының билерін билеп, достық, бейбітшілік туралы әндер шырқап, мерекені аяқтады. Балалар Отан, туған жер, еліміздің ең басты байлығы Қазақстанның халқы туралы түсінік, жалпы мәліметтер алып адамгершілік, татулық, достық сияқты құндылықтарды бойына сіңірді.