“Спорт – біздің досымыз!”

1 – маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай, Балалар оңалту орталығында “Спорт – біздің досымыз!” атты ата-аналар мен бірлескен түрде спорттық шара өткізілді. Төрт топқа бөлінген балалар ата-анасымен бірге “Секіртпемен жүгіру”, “Кім жылдам?”, “Сынақ көпірден жүру”, “Кім епті?”, “Кеглиді доппен құлату” сынды алты бөлімнен тұратын сайыстарымен танысты. Ата-аналары қолдаған балалар тапсырмаларды  мүлтіксіз орындап, өздерінің спорттық шараға дайындықпен келгендерін көрсетті.

Жарқын шаттық заман болсын,

Балапандар аман болсын.

Сыйластық пен бірлік болып,

Әрқашан орта толсын.

– деп өлең жолдарын жырлай отырып, спорттық шарамызды аяқтап қатысқан  топ командалары  “Көңілді”, “Шапшаң”, “Жігерлі”, “Ынталы” деген номинациялар мен марапатталды.