Сыңғырла күміс қоңырау!

Облыстық балалар оңалту орталығында тамыз айының 29-шы жұлдызында білім күніне арналған “Сыңғырла күміс қоңырау!” тақырыбында тәрбиелік шара өтті. Мақсаты:  1 – қыркүйек  Білім күні мерекесінің мазмұнын түсіндіру,  бүлдіршіндірге мән – мағынасын ұғындыру. Шара барысында орталық директоры Бибігүл Сапарғалиқызы,  орталық балалары мен орталық ұжымын жаңа оқу жылымен құттықтап  сөз сөйледі. Шара  қоңыраудың сыңғырымен ашылып, әрі қарай  орталық тәрбиеленушілерінен құралған оркестр музыкалық аспаптарда ойнады. Кішігірім шара арқылы орталықтың тәрбиеленушілері жаңа оқу жылы басталғанын сезініп, қуанышты көңіл күйде мектеп, ұстаз туралы өлеңдерін оқып, би билеп, әртүрлі ойындар ойнады. Шара соңында ата-атаналар  сөз сойлеп, балаларының өнерлеріне риза болғандарын айтып, орталық ұжымына  алғыстарын білдірді.