«Жомарт күз!»

«Жомарт күз!»

Күз — береке бастауы, молшылық мезгілі. Еңбектің қадірін білген қазақ халқы күзді ырыс-береке мезгілі деп ерекше қадір тұтқан. Осындай ұранды балалардың бойына сіңіре отырып, облыстық балалар оңалту орталығында қазан айының 24-і күні күз мерекесіне арналған  “Жомарт күз!” тақырыбында тәрбиелік шара өткізілді.

Мақсаты: балалардың жыл мезгілдері  туралы түсінігін  кеңейту, ерекшелігін түсіндіру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Айналаны, қоршаған ортаны қорғауға, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс – әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру.

Мерекелік көңіл-күй орнатқан ертеңгілікке күзгі сыйлықтарымен «Күз ханшайымы» келіп, өзіне арналған тақпақтар  мен әсем әндерін тыңдап, балалардың билерін тамашалады. Бүлдіршіндердің шығармашылық ой – қиялдарының дамуына ықпал еткен күз мерекесіне арналған  тәрбие сағаты өз мақсатына жетті. Ата – аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыруға үлесін қосқан шараның соңында ата-атаналар қауымы  сөз сойлеп, балаларының өнерлеріне риза болғандарын айтып, орталық ұжымына алғыстарын білдірді.