А.Құнанбаевтың -175 жылдығына орай  дайындалған «Абай дара, Абай дана- қазақта» атты іс-шара

2019 жылдың мамырында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Осыған орай, бүгін Ұлы Абайдың туған күніне орай облыстық балалар оңалту орталығы «Абай дара, Абай дана- қазақта» атты іс-шара өткізді.
Айтулы іс-шарада орталықтың мамандары Абайға арналған өлеңдерін оқып, «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Желсіз түнде жарық ай»  әндерін нақышына келтіріп орындады.

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге болмайды ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артында із қалдырған,

— деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге  175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек.  Шара соңын орталық директоры Бибігүл Сапарғалиқызы қорытындылап, қазақтың бір туар ұлы, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламалардың бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған іс-шара өз мақсатына жетті.