«АУТИКАЛЫҚ СПЕКТРІ БҰЗЫЛҒАН ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРМЕН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ» ОҚЫТУ-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАРЫ

Ағымдағы жылдың 14-ші қараша күні облыстық балалар оңалту орталығында «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының ұйымдастырумен «Аутикалық спектрі бұзылған ерекше балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыс жүргізу, психологиялық қолдау» тақырыбында оқыту-тәжірибелік  семинары өткізілді. Ерекше білімді қажет ететін балаларды қоршаған ортасында мінез-құлықтарының, коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына,  сондай-ақ өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларының дамыту жұмыстарын ата-аналарға, мамандарға үйрету мақсатындағы семинарға қала, аудандардан педагогтар, ата-аналар 30-дан аса адам қатысты. Семинарға Атырау облысы білім беру басқармасы, Әдістемелік орталығы директорының м.у.а. А.Рамазанова, Атырау облысы білім беру басқармасы, жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері Г.Джулмуханова, Атырау облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация директоры З.Айтенова қатысты. Семинар барысында облыстық балалар оңалту орталығының директоры Б.Жумалиева қатысушы мамандарға, ата-аналарға сәттілік тілей отырып, бүгінгі семинардың маңыздылығын, ерекшелігін атап өтті. Ары қарай орталық мамандары семинарға келген қатысушылармен, ата-аналармен тәжірбиелік сабақтарымен бөлісе отырып, шебер сынып өткізді.  Атап айтқанда АВА терапиясы әдістері —  «Ынталандыру», «Коммуникативтік қарым-қатынас орнату», «Номикон мультисенсорлық жиынтық арқылы санау» әдіс-тәсілдері қолданған Шебер сыныптар, ертеңгіліктер өткізілді. Сонымен қатар, дәрігер-педиатр Г.Бергалиева «Аутизм спектрі бар балалардың тамақтануы» жөнінде ата-аналарға кеңес берді. Семинар соңында «Отбасы-бақыты» атты тренинг сабақ әсерлі өтіп, қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Семинарға қатысушылар ерекше балаларды түзете оқытуда кешенді оқу үрдісі жүйелі түрде ұйымдастырылса, оңды жетістіктерге жетуге болатынына көз жеткізді. Шара соңында мұғалімдер ұйымдастырушы мен  орталық ұжымына алғыстарын  білдірді.