1 желтоқсан — тұңғыш Президент күні!

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз, ата-бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан бастап мемлекеттік дамудың даңғылға түсуі жолындағы жұмыстардың басымы елбасы Н.Назарбаевтың есімімен байланысты, ерлігімен ұштасқан дүниелер екені даусыз. Сондықтан да, Қазақстанда Тұңғыш Президент күні мерекесі де уақыт өткен сайын маңызы артып халықтың мерекесіне айналды. Өйткені, бұл да жаңғырудың, жаңашылдықтың белгісі ғана емес, өткеннің өнегесі, ұлының ұлағаты. Ұрпақ есінде солай сақталуы да тиіс. Бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз. Облыстық балалар оңалту орталығында ағымдағы жылдың  29-қараша күні атаулы мереке Тұңғыш президент күніне орай «Менің тұңғыш Президентім!» атты шара өткізілді. Шара мақсаты   «1 — Желтоқсан тұңғыш Президент күні» мерекесінің мәнін ашу. Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағұлмат беру. Елбасындай отанын, халқын сүюге, нағыз азамат шынайы патриот болуға тәрбиелеу. Шара Әнұран мен басталып, Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны  жөнінде балаларға слайд арқылы  көрсетілді. Шара барысында орталық тәрбиеленушілері «Мерекем», «Көк тудың желбірегені» әндерін орындады. Сонымен қатар балалар елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа арнап өлең- шумақтарын айтты. Шара «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз!» атты ұранмен аяқталды.