16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Жүйріктен жүйрік озар!» атты спорттық шара

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге биыл 28 жыл толып отыр. Облыстық балалар оңалту орталығында ағымдағы жылдың  12-желтоқсан күні атаулы мереке Тәуелсіздік күніне күніне орай ата-аналармен бірлескен түрде  «Жүйріктен жүйрік озар!» атты спорттық шара өткізілді. Шара балаларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беруден, Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар керек екенін түсіндіруден, ата-бабамыздың бізге қалдырған «тәуелсіздік» деп аталатын аманатының маңызын, елдің болашағы жас ұрпақтың қолында екендігін айтудан басталды. Спорттық шара 6 кезеңнен құралды. Шараға ерекше білімді қажет ететін балалар мен ата-аналар белсене қатысып, әр баланың өз мүмкіндігіне қарай берілген тапсырманы қызығушылықпен жақсы орындады.  Жарыс соңында балаларымыздың еңбегі «Ең жүйрік!», «Ең мерген!», «Ең шапшаң!» атты Алғыс хаттармен марапатталып, ата-аналар алғыстарын білдірді. Бүгінгі ұйымдастырылған шараның маңызын жарысқа қатысқан ата-аналар мен балаларда сезіне отырып, «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз!» атты ұранмен аяқталды.