Жаңа 2020 жыл!

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы әсіресе бүлдіршіндер үшін ерекше көтеріңкі көңіл күй, жүректеріне бір жаңа үміт себелейтін ең ғажайып мерекелердің бірі. Жылма жыл облыстық балалар оңалту орталығының ерекше балалары демеушілердің өздеріне деген қамқорлығын сезініп, жасыл шырша жанында сыйлыққа кенелетіні бар. Биыл да демеушілеріміз орталығымыздағы ерекше білімді қажет ететін мүгедек балаларды назарларынан тыс қалдырған жоқ. Балаларды құттықтауға келген ЖШС «НКОК» компаниясының Эльмира Серікқызы бастаған NCOC WOMEN`S NETWORK командасы жоспар бойынша балаларды «ЙО-ЙО парк» батут орталығына, кейін «Джой» мейрамханасына апарып балаларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлады.  Сонымен қатар орталықта балаларға арнап «В гостях у сказки!» атты жаңа жылдық қойылым ұйымдастырылып, тәтті сыйлықтар мен ойыншықтар табыс етілді. Демеушілермен келген өнерпаздар, аниматорлар және Аяз ата мен Ақшақар да балаларды ертегі әлеміне енгізіп, ерекше бүлдіршіндер бір сәт ертегі елінде болып, қызықтар әлемін шарлады. Ертеңгілік қойылымнан кейін ұжым мүшелері, демеушілер және балалар бірдей қол ұстасып, жасыл шыршаны айнала, жаңа жылдық ән шырқап, би биледі. Әр мереке сайын үнемі көңілдері көтеріңкі, жайнап жүретін оңалту орталығында тәрбиеленіп жатқан балалардың бұл мерекеде де жүздері бал-бұл жайнап, кеуделері қуанышқа толы жүрді.